Серік Мұхамедиев МИБ/ПИК өкілдерімен кездесу өткізді
Қала әкімі Серік Мұхамедиев облыс орталығындағы МИБ/ПИК өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Қала әкімі хабарлағандай, ол аулаларды абаттандыру мәселесін талқыға салған. Аулалардағы тәртіп тұрғындармен атқарушы органның бірлескен жұмысына тікелей байланысты. Сондықтан, өзекті мәселелерді уақытылы көтеріп, оларды бірігіп шешу маңызды.
“Меншік иелер бірлестігі және ПИК төрағаларының бүгінгі кездесуінде, біз, аулалардағы қазіргі жағдаймен алдағы жылға арналған жоспарларды талқыладық. 2024 жылдан бастап абаттандыру жұмыстарын жаңаша жасамақпыз, яғни ойын және спорт алаңдарын кварталдар бойынша орнатамыз. Жұмыс ауқымды, сондықтан қала тұрғындарының ұсыныстарын тыңдау қажет деп ойлаймын”,- деп жазды Серік Мұхамедиев әлеуметтік желіде.