Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да желтоқсанның 31 мен қаңтардың 1 күндері 100 аса құқық бұзушылық анықталды

СҚО-да желтоқсанның 31 мен қаңтардың 1 күндері 100 аса құқық бұзушылық анықталды

31 желтоқсан күні Солтүстік Қазақстан облысында жүздеген полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері құқықтық тәртіпті, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қорғау мақсатында қызмет атқарды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Автомобиль және жаяу патрульдер, бекеттер, учаскелік полиция инспекторлары, кезекші бөлімдердің қызметкерлері, бейнебақылау операторлары — барлығының алдында отбасылық мерекені тойлау кезінде өңір тұрғындары мен қонақтарының жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті тұрды.

Петропавлда облыстық полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов жиналыста кешкі ауысымға келген полицейлер мен әскери қызметшілерге дәстүрлі түрде жеке нұсқау берді.

Нәтижесінде 31 желтоқсан таңғы 08.00-ден 1 қаңтар 08.00-ге дейін “102” жедел арнасына 111 түрлі қоңырау келіп түсті. 3 қылмыс тіркелді, барлығы ашылды. 100-ден астам түрлі құқық бұзушылық анықталды, негізінен жұмыс күндеріндегідей – қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзу.

Жалпы, СҚО ПД штаб бастығының орынбасары полиция подполковнигі Рустам Жақыпов атап өткендей, 31 желтоқсан мен жаңа жылдық түн қалада және облыста тыныш өтті, резонанстық қылмыстар мен оқиғалар тіркелген жоқ.

 

Shares