СҚО-да дауыл туралы ескерту жарияланды
“Қазгидромет” РМК синоптиктерінің мәліметінше, 4 қаңтарда түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Түнде аймақтың басым бөлігінде, ал күндіз облыстың батысында төмен қарлы боран күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында оңтүстік-шығыстан екпіні 15-20 с/м жел соғады.
Петропавлда 4 қаңтарда түнде қарлы боран болады деп күтілуде. Жел оңтүстік-шығыстан соғады. Күндіз екпіні 15-20 с/м жетпек.