Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Рождестволық демалыс күндері Петропавлда қайда баруға болады

Рождестволық демалыс күндері Петропавлда қайда баруға болады

Жаңа жылдық шаралар артта қалды. Бұл күндері ересектер де, балалар да бір серпіліп қалды десек артық айтқанымыз емес. Алайда, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын мерекелер жалғасын таппақ. Алдағы демалыс күндері көптеген қазақстандық тағы бір мейрамды атап өтеді. 6-7 қаңтарда православ сеніміндегі христиандар Рождествоны тойлайды. QZ Media тілшісі Рождество – демалыс күндері қала тұрғындары мен қонақтары не істей алатынын білді.

Николай Погодин атындағы облыстық орыс драма театры. Жаңа жылда театрда “Алтын кілт” спектаклінің премьерасы өтеді. Бұл заманауи спектакль ересектерге де, балаларға да ұнайды. Екінші қабатта естелік фотосуретке түсу үшін фотоаймақтар дайындалды. Спектакль 6 қаңтарда сағат 11.00 және 14.00-де қойылады.

Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясы. 6 қаңтарда сағат 15:00-де облыстық филармония сахнасында камералық хор классикасының музыкалық тілімен “Ақшақар” ертегісін ұсынады. Сондай-ақ, “Туған жер” би ансамблі мен “Belcanto” ішекті квартеті өнер көрсетеді.

Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры. Қуыршақ театрының актерлері өздерінің жас көрермендері үшін “Снешарик немесе Аяз Атаға хат” атты қызықты спектакль дайындады. Ертегі заманауи заттардың үйлесімі бар таңғажайып шытырман оқиғаны баяндайды: “Алиса” дауыстық көмекшісі және Аяз Атаға классикалық хат. Спектакльдің финалында басты кейіпкерлер Кощей мен Ата көрермендерді фойеде қытайлық Жаңа жылға арналған қызықты интермедияға шақырады! Спектакльді 7 қаңтарда 11:00-де және 14:00-де көруге болады.

Ботаникалық бақ. Қаланың ботаникалық бағында сіз жаздың атмосферасын ғана емес, сонымен қатар әртүрлі жылдардағы жаңажылдық ойыншықтар мен Аяз аталар қойылған көрмені тамашалай аласыз. Сондай-ақ, қазір бақшада банан мен лимон жеміс беруде және Жаңа Зеландия шыршасы гүлдей бастады.

Кинотеатрлар. Желтоқсан айының премьераларын тамашалауға үлгермеген адамдар оларды осы демалыс күндері “Қазақстан 3 D”, “Новый свет”, “ATLAS CINEMA”, “Cinema Park” кинотеатрларында көре алады. “Холоп 2”, “Вонка”, “Миграция”, “Кентервильское привидение”, “Аквамен и потерянное царство” сияқты фильмдердің премьераларын көруге болады. Билеттердің уақыты мен құнын кинотеатрлардың әлеуметтік желілердегі сайттары мен парақшаларынан білуге болады.

Мұражайлар. Қаладағы мұражайларға көптен бері бармадыңыз ба? Демалыс күндері сізді 10:00 мен 18:00 аралығында “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешені, “Солтүстік Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайы” және “Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы” күтеді. Өнер мұражайында “Шабыт палитрасы”, “Атамекен” көрмелерін, Ботайдан алынған экспозицияларды көруге болады, ал өлкетану мұражайында “Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығы” көрмесі жұмыс істейді.

Шеберлік-сыныптары. “Галерея” арт-кафесі өзінің шеберлік сабақтарына шақырады. Мұнда сіз дәмді кофені ғана емес, сонымен қатар шамдарды, отырғызғыштарды, флюид-арт картинасын және тіпті сағаттарды жасау үшін кәсіби маманның ақыл-кеңесін құлаққа түртіп аласын. Мастер-кластарға тіркелу алдын ала жүргізіледі.

Shares