Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Меңкесер ауылында 5 литрлік газ-ауа қоспасы жарылып, 5 адам зардап шекті

Меңкесер ауылында 5 литрлік газ-ауа қоспасы жарылып, 5 адам зардап шекті

2024 жылғы 4 қаңтарда сағат 14:57-де Мамлютка қаласының № 15 өрт сөндіру бөліміне СҚО Мамлют ауданы Меңкесер ауылындағы жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасының жарылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Жарылыстан шатыр мен қабырға зақымданды. От бас көтермеді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Нәтижесінде 5 адам термиялық күйік алып, ауруханаға жатқызылды. 3 ер адам – 1970, 1979, 1977 жылғы. Әйел адам – 1966 жылғы. Қыз 2007 жылы туған. Адамдарды әртүрлі дәрежелі термиялық күйік шалған.

Оқиға орнында Мамлют ауданының ТЖ бөлімі, полиция, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмыс істеді.

Осыған байланысты СҚО ТЖ Департаменті газ аспаптарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін мүлтіксіз сақтау қажеттігін еске салады:

– сұйытылған газды тұрмыстық баллондарда екі қабаттан асатын көппәтерлі тұрғын үйлерде сақтауға және (немесе) пайдалануға тыйым салынады;

– стационарлық автомобильге газ құю станциясында автокөлікте пайдалануға арналмаған баллондарды толтыруға жол берілмейді (яғни тұрмыстық баллондарды құюға тыйым салынады);

Shares