Петропавлда 14 жастағы оқушыны зорлаған күдікті құрықталды
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері Петропавл қаласының тұрғынын құрықтады. Сотқа дейінгі тергеу 28 жастағы ер адамның 14 жастағы кәмелетке толмаған қыз баламен жыныстық қатынасқа түскендігін анықтады. Күдікті Петропавл қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
СҚО ПД хабарлауынша, аталған факт ҚР ҚК 122-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді (“Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау”).
Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Әзірге осындай ғана ақпар бар. Қоса кету қажет, кеше кешке әлеуметтік желіде осы ақпар тарады. Онда жеткіншектің қаладағы мектептердің бірінде зорланған айтылды. Алайда, көп ұзамай жазба өшірілді.