Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов балабақшаның құрылысын тексерді

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов балабақшаның құрылысын тексерді

Облыс орталығында балабақшаларды салу қажеттілігі туындап отыр. Соңғы рет мектепке дейінгі мекеме 2017 жылы ашылған еді. Қазір бұл бағытта 2 жоба жүзеге асуда. «Береке» шағын ауданында 140 орындық жаңа балабақшаның құрылысы басталды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Демалыс күні қаланы аралау барысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құрылыс барысымен танысты. Жаңа нысанда шағын аудан балаларына қолайлы жағдайлар жасалмақ.

280 орындық тағы бір балабақша «Жас өркен» шағын ауданында салынады. Бұл балалардың 95 пайызын мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, өңір басшысы «Сұлтан ЭММК» АҚ, нан-тоқаш комбинаты және «Дез» серіктестігінде болды. Бұл кәсіпорындар макарон, нан өнімдері және ұн шығару арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Оған қоса, Ғауез Нұрмұхамбетов «IMZ-Kazakhstan» серіктестігінің мотоцикл құрастыру жұмысымен танысып, көтерме сауда орталығы және көкөніс сақтау қоймасына барды.

Shares