СҚО-да полиция қызметкерлері 95 жастағы ІІМ ардагерінің үйіне барып қайтты
Полиция қызметкерлері мен СҚО ПД және ҰҰ Ардагерлер кеңесінің өкілдері отставкадағы милиция майоры, 95 жастағы Владимир Ипполитовқа барып қайтты, – деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
ҚР ІІМ құрметті ардагері Владимир Ипполитовқа ширек ғасырға жуық уақытын құқықтық тәртіпті сақтауға арнаған. Ішкі істер органдары мен ішкі әскерлерде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. Зейнет демалысына 1985 жылы Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер басқармасының жедел кезекшісі лауазымынан шыққан.
Тәуліктік қызметке кірісетін жедел кезекші барлық кезекші бөлімдердің жұмысын үйлестіріп қана қоймай, ІІМ-нің алдында облыстағы құқықтық тәртіпке жауап береді. Бұл – тек ең тәжірибелі қызметкерлерге ғана берілетін жауапты лауазым. Ардагер қызмет атқарған барлық лауазымдарында жоғары кәсібилігімен ерекшеленіп, бірнеше мәрте грамоталармен, медальдармен марапатталған. Қызы Татьяна да әкесінің жолын қуып, ІІО-да қызмет атқарған. Ол да бүгінгі таңда зейнет демалысында.
“Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің тәрбие және кадр жұмысы басқармасымен бірлесіп, биылғы жылға бірқатар іс-шаралар жоспарладық. Ардагерімізге келіп, құрмет көрсету – солардың алғашқысы. Ардагерлерді ұмытпай, жиі барып тұрамыз. Оларға барынша қолдау көрсетеміз. Қажет болған жағдайда, ведомстволық медицина қызметкерлерін жұмылдырамыз. Ведомство ардагерлеріне қамқорлық көрсету – біздің міндетіміз. Олардың тәжірибесі мен қызметтік міндеттеріне адалдығы полицияның жас қызметкерлері үшін үлгі болмақ”, – дейді СҚО ПД және ҰҰ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықов.