Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлерге 54 млн теңге қайтарылды

Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлерге 54 млн теңге қайтарылды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік бюджетке төленетін төлемдердің мониторингі шеңберінде 161 кәсіпкерлік субъектісіне 54 млн теңгенің қайтарылуын қамтамасыз етті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жүргізілген мониторинг нәтижесінде барлығы 210 жағдай анықталған, IV санаттағы объектілердің операторлары қоршаған ортаға эмиссия үшін қате есептеу салдарынан өздігінен бюджетке шамамен 96 млн теңге төлеген.

“Алайда, Салық кодексіндегі өзгерістерге сәйкес қоршаған ортаға барынша аз жағымсыз әсер ететін объектілердің операторлары 2022 жылғы қаңтардан бастап төлемнің осы түрін төлеуден босатылған. Кәсіпкерлердің құқықтарын қалпына келтіру мақсатында облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен мемлекеттік кіріс органдарымен бюджетке төлемнің қате төленген сомасын қайтару немесе есепке жатқызу мәселелері бойынша кездесу өткізілді”,- делінген ресми хабарламада.

 

Shares