Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Алдағы үш күнде СҚО-да қар мен бұрқасын күтіледі

Алдағы үш күнде СҚО-да қар мен бұрқасын күтіледі

Синоптиктер солтүстікқазақстандықтарды қатты қар мен екпінді жел туралы ескертеді деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

10 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қалың қар түседі. Аймақтың басым бөлігінде бұрқасын болады деп күтілуде. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с және 23-28 м/с жетпек. Облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 30 м/с және одан асады деп күтіледі.

«11 қаңтарда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, түнде облыстың басым бөлігінде 23-28 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 30 м/с және одан да асады деп күтіледі. Петропавлда 10 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел                       оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді деп күтілуде”, – делінген “Қазгидромет”СҚОФ хабарламасында.

Shares