Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Ғауез Нұрмұхамбетов соғыс ардагері Федор Щегловты туған күнімен құттықтады

Ғауез Нұрмұхамбетов соғыс ардагері Федор Щегловты туған күнімен құттықтады

Солтүстік Қазақстан облысында 4 соғыс ардагері тұрады. Солардың бірі – Федор Васильевич Щеглов 9 қаңтарда 97 жасқа толды. Бүгін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ардагердің шаңырағына барып, туған күнімен құттықтап, зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Федор Васильевич әскери жолын 17 жасында бастады. 1944 жылы оны Кеңес Әскері қатарына Булаев аудандық әскери комисариаты шақырды. Әскери дайындықтан Уфа маңындағы лагерде өтті. Ол 3 ай көлемінде танкіге қарсы қарудан атып үйренді. Осы жерде 371-ші атқыштар дивизиясы құрылды. Ардагер үшін соғыс Кенигсбергте басталды.

Федор Щеглов – ІІ дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері. «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.

Соғыстан кейін құрылыс саласында еңбек етті.

“Аға ұрпақ сұрапыл соғыстың ең ауыр сынақтарын, соғыстан кейінгі кезеңнің қиындықтарын бастан өткерді. Батырларымыздың еңбек және өмір жолы, Отанға деген сүйіспеншілігі бәрімізге әрқашан үлгі болады. Бүгінгі ұрпақ ардагерлеріміздің ерліктерін мақтан тұтады және бас иеді”, – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Shares