Петропавлда білдей бір мекеменің жатақханасы уақытында тапсырылмады
Петропавлда облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-олимпиадалық резерв колледжінің 244 орынға шақталған жатақханасы уақытында тапсырылмады. Оның себебімен құрылыс алаңында болған партиялықтар танысты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Жоспар бойынша нысан 2023 жылдың желтоқсан айында тапсырылуы тиіс еді. Анықталғандай, жобалық-сметалық құжатқа өзгерістердің енгізілуіне байланысты нысанда бірқатар жұмыстар аяқталмаған.
Қазіргі уақытта ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде жатақхананың аумағында абаттандыру жұмыстары аяқталды.