Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Руслан Әлішев СҚО әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Руслан Әлішев СҚО әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

ҚР Президентінің Әкімшілігімен келісімімен, СҚО әкімінің өкімімен Руслан Қанатханұлы Әлішев Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Руслан Қанатханұлы 1978 жылы дүниеге келген, СҚО тумасы.

СҚМУ және Көкшетау университетін тарих және құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары СҚО ішкі саясат басқармасының басшысы, Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары, СҚО әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары болды.

Сондай-ақ, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры,  «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының саяси жұмыс департаментінің директоры лауазымдарын атқарған.

Бұл тағайындауға дейін Руслан Әлішев «AMANAT» партиясының хатшысы қызметін атқарып келді.

 

 

 

Shares