Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда шаңғы жарысы бойынша СҚО чемпионаты өтуде

Петропавлда шаңғы жарысы бойынша СҚО чемпионаты өтуде

Борки кентінде ұлдар мен қыздар арасында шаңғы жарысынан Солтүстік Қазақстан облысының чемпионаты басталды. Жарысқа облыс аудандары мен Петропавл қаласынан жүз жиырма жас спортшы қатысуда, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Алдымен 17-18 жас аралығындағы ұлдар арасында 7,5 шақырымға классикалық стильде жарыс өтті, ал осы жас санатындағы қыздар 5 шақырым қашықтыққа жүгірді.

Дәл осындай қашықтықты 15-16 жас аралығындағы жігіттер де бағындындырды, ал осы жастағы қыздар 3 шақырымды еңсерді. Кіші топтағы шаңғышылар болса 1,5 және 1,2 шақырымды классикалық стильде жүріп өтті.

Бүгін жастардың барлығы өздерінің жас топтарына сәйкес осындай қашықтыққа, бірақ еркін стильде жүгіретін болады.

Чемпионат 18 қаңтарда 1,5 км, 1,4 км, 1,2 км және 1 километр қашықтыққа аралас эстафетамен (1+1) аяқталады.

Үздік нәтиже көрсеткен ұл-қыздардан республикалық жарыстарға қатысу үшін облыс құрамасы жасақталады.

Shares