Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Крещения мерекесіндегі рәсім Петропавлдағы қалалық жағажай мен өзен портында өтеді

Крещения мерекесіндегі рәсім Петропавлдағы қалалық жағажай мен өзен портында өтеді

January 17, 2024 16:00

Алдағы жұмада, яғни 19 қаңтарда православ сенімінің өкілдері ең маңызды діни мерекелердің бірі – Крещение Господне мерекесін атап өтеді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Ежелден келе жатқан рәсімге сәйкес, сенушілер табиғи су ресурстарында орналасқан арнайы шұңқырларға, сондай-ақ ғибадатханалар жанындағы орындарға қасиетті шомылу үшін жиналады.

Петропавлда шомылу рәсімі 19 қаңтар күні сағат 8.30-дан кешкі 21.00-ге дейін қалалық жағажай мен өзен портында өтеді.

Потанин көшесіндегі шеткі аялдамадан әр 15 минут сайын қалалық жағажайға кезекші автобус қатынайды. Аялдамаға №2 және №6 автобус маршруттарымен жетуге болады.

 

Shares