Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қозыбаев университетінің жобасы 99 млн теңге көлеміндегі ҒЖБМ гранттық қолдауына ие болды

Қозыбаев университетінің жобасы 99 млн теңге көлеміндегі ҒЖБМ гранттық қолдауына ие болды

Жергілікті білім ордасының жобасы 99 млн 350 мың теңге көлеміндегі ҒЖБМ гранттық қолдауына ие болды. Ол Data Fusion жүйесіне интеграцияланатын оптикалық-электрондық арна арқылы ҰҰА-ны танудың нейрондық желілік моделін әзірлеуге арналған. Бұл жайлы ЖОО-ның баспасөз-орталығы жазады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Команда құрамында техника ғылымдарының кандидаты Ильдар Құрмашев пен қазақстандық және итальяндық ғалымдар бар.

Ұшқышсыз ұшу аппараттарын тану үшін нейрондық желі қолданбасына қолданыстағы ұшу аппараттары және әртүрлі құс түрлерінің сипаттамалары енгізіледі. Барлығы 20 мыңнан астам нысан бар. Осылайша бағдарлама аспандағы ықтимал қауіпті ажырата алады. Бұл ретте, қорғаныс жүйелеріне көрінбейтін шағын коптерлерді анықтау міндеті тұр. Ғалымдар тану радиусын 2 км-ге дейін ұлғайту үшін «Антидрон» радиолокациялық жүйесін пайдалануды және радар қондырғысын жақсартуды жоспарлап отыр.

 

Shares