Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда есірткі сатқан солтүстікқазақстандық 10 жылға сотталды

Петропавлда есірткі сатқан солтүстікқазақстандық 10 жылға сотталды

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилер алқасының қатысуымен есірткі заттарын заңсыз сату күдігіне леккен тұлғаға айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Айыптаушы тарап алқабилерге салмағы 2,5 кг-нан асатын есірткі құралы гашиштың оралған дозаларын сату мақсатында жалға алынған пәтерде И.-дың аса және ірі көлемде салмағы 600 грамнан асатын кептірілген марихуананы «Telegram» мессенджері арқылы және 13 гр. гашиш үлкен мөлшерде заңсыз сақтағаны туралы даусыз дәлелдемелерді ұсынды.

“И.-дың кінәсі пәтерді тінту хаттамасымен сатуға дайындалған заттарды жеке пайдалануына жол бермейтін мөлшерде анықтау, сараптамалар, ұялы телефонда есірткі сатып алу туралы хат алмасумен дәлелденді. Сот үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінің 3,5-тармағы бойынша орташа қауіпсіз мекемеде 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ұялы телефоны қылмыс жасау құралы ретінде тәркіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ”,- делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Shares