Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдағы жылу құбырында ақау анықталып, 28 тұрғын үй мен балабақша жылусыз қалды

Петропавлдағы жылу құбырында ақау анықталып, 28 тұрғын үй мен балабақша жылусыз қалды

Облыс орталығындағы жылу құбырларының бірінде кезекті апат орын алды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Бүгін қаланың көптеген тұрғыны пәтерлердегі батареялардың салқындай бастағанын байқады. “Севказэнерго” АҚ хабарлағандай, мұндай жағдай Н.Назарбаев көшесі, 154 және Казахстанская правда көшесі, 118 тұрғын үйлері орналасқан аудандағы жылу құбырының жарылуына байланысты орын алды.

“24 қаңтар күні “Петропавл Жылу Жүйелері” ЖШС диаметрі 200 мм құрайтын жылу желісі учаскесінің зақымдануын анықтады. 6 адамнан құралған апаттық бригада анықталған кемшілікті жоюға кірісті. Оқиға орнына 4 арнайы техника тартылды”, – делінген хабарламада.

Жөндеу жұмыстары кезінде жылумен жабдықтау келесі мекен жайлар бойынша шектелетіні атап өтілді:

  • Жұмабаев көшесі, 116, 107, 109, 118,
  • Н. Назарбаев көшесі, 117, 136, 138, 154, 156, 156A, 158, 132, 134, 130,
  • Казахстанская правда көшесі, 118,
  • Абай көшесі, 30, 34, 40, 31, 33, 35, 25, 52, 52а, 25а, 33а,
  • Бостандық көшесі, 11, 13, 16а,
  • Интернационал көшесі, 30, 30а, 32, 34,
  • Пионер көшесі, 3, 7, 9, 10, 20, 34,
  • Совет көшесі, 53, 54а,
  • Пушкин көшесі, 95а.

“Жылумен жабдықтауды шектеуге 28 тұрғын үй, балабақша, 6 жеке үй және 7 заңды тұлға лекті. Тиісті жұмыс шамамен 20:00-ге дейін жалғасады. Орын алған жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз”, – деп толықтырды компания.

Shares