Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » 2023 жылдың қорытындысы бойынша СҚО-да инвестиция көлемі 17% өсті

2023 жылдың қорытындысы бойынша СҚО-да инвестиция көлемі 17% өсті

СҚО әкімдігінің отырысында экономикаға инвестиция тарту мәселесі талқыланды. 2023 жылы өңірге 445 млрд теңге құйылған. Өсім алдынғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,3% құрады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Аққайыңдар өлкесі ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестициялар көлемі бойынша жетекші орынды сақтап келеді. 2023 жылы агроөнеркәсіптік кешенге 175 млрд теңге тартылған.

2024 жылы инвестиция тарту жоспары 557 млрд теңгені құрайды. Облыс әкімі Гауез Нұрмұхамбетов инвестициялар жеке көрсеткішке бекер бөлінбегенін, олар экономиканы дамытудың драйвері болып табылатынын атап өтті. Бұл мәселе мемлекет басшысының жеке бақылауында.

СҚО әкімі кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына аудандық әкімдіктермен және Петропавл қаласы әкімдігімен бірлесіп, инвестициялар тарту жөніндегі жоспардың орындалуын қамтамасыз етуді және ағымдағы жылы нақты жүзеге асатын инвестициялық жобаларды айқындауды тапсырды.

Shares