Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да «CLAAS» компаниясының дилерлік орталығы ашылмақ

СҚО-да «CLAAS» компаниясының дилерлік орталығы ашылмақ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «CLAAS» компаниясының вице-президенті Нильс Ройчпен жүздесті. Кездесуде қос тарап ауыл шаруашылығы техникасын жинау жобасының даму перспективаларын талқылады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Компания басшылығы «CLAAS» және «HORSH» маркаларымен комбайндарды, тракторларды және тұқым себу кешендерін құрастыруды ұлғайтуды, ауыл шаруашылығы техникасының жаңа түрлерін шығаруды жоспарлап отыр.

Кездесуде сервистік қызмет көрсету мен кепілдікті қамтуды жақсарту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, өңірімізде дилерлік орталық ашу мәселесі де көтерілді. Оның аясында сервистік инженерлер құрамын, қосалқы бөлшектермен тұрақты қамтамасыз етілетін сервистік қоймаларды көбейту қажет болады.

“Біз өз тарапымыздан инвесторға жоғарыда аталған мәселелерді шешуде қажетті қолдау көрсетеміз”, – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Shares