Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда Абай көшесі, 84-і үйдің төбесі ішінара опырылып түсті

Петропавлда Абай көшесі, 84-і үйдің төбесі ішінара опырылып түсті

Қар мен мұздың жиналып қалуына байланысты Абай көшесі, 84-і үйдің төбесі ішінара опырылып түсті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі. Оқиға орнына қала әкімі Серік Мұхамедиев барды.

Шаһар басшысы әлеуметтік желіде атап өткендей, мұнда шатырды жөндеу жұмыстары ешқашан жүргізілмеген. Қазіргі уақытта мамандар үйдің төбесін тексеріп жатыр.

“Кейін шатырды қалпына келтіру мәселесін тұрғындармен бірлесіп шешетін боламыз. Қаладағы көппәтерлі тұрғын үйлердің негізгі бөлігі 80-ші жылдары салынған. Біразында жөндеу жұмыстары осы күнге дейін жүргізілмепті, үйдің жай-күйіне меншік иелері тарапынан тиісті назар аударылмаған.  Осы сынды апатты жағдайларды болдырмау үшін шатырларды қар мен мұздан уақытылы тазарту қажеттігін атап өткім келеді”,- деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында қала әкімі Серік Мұхамедиев.

Shares