Ғалым Байтұқ Қозыбаев университеті Директорлар кеңесінің Төрағасы атанды
Белгілі қоғам қайраткері, блогер Ғалым Байтұқ Қозыбаев университеті Директорлар кеңесінің Төрағасы атанды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Ғалым Байтұқ “М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті” КЕАҚ-да жұмыс істей бастағанын көрсетті.
Қазір Қозыбаев университетінің ресми сайтында жоғары білім саласындағы сарапшы Ғалым Байтұқ кеңестің Төрағасы болып сайланғаны туралы ақпарат бар. Азамат 04.01.2024 жылы Жалғыз акционердің шешімімен Қоғамның Директорлар кеңесіне алғаш рет сайланды.
Байтұқ Ғалым Симбекұлы 1971 жылы 11 сәуірде Петропавлда туған. Үйленген, балалары бар.
К.Д. Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтын бітірген (1993).
Еңбек өтілі:
– Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушысы, СҚУ түлектері қауымдастығының атқарушы директоры (1994-1999);
– Солтүстік Қазақстан облыстық Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бас маманы (1999-2000);
– «Петропавл қаласының іскерлік даму орталығы» мемлекеттік кәсіпорынның директоры, «Солтүстік Қазақстан Технопаркі» МКК директорының орынбасары (2000-2002);
– ҚР мәслихаттар депутаттарының қауымдастығы республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры (12.2002-11.2003);
– ҚР мәслихаттар депутаттарының қауымдастығы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (11.2003-2006);
– ҚР Туризм және спорт министрлігі департаментінің бөлім жетекшісі, директордың орынбасары (2006-2009);
– «Казаэросервис» АҚ филиалының басқарушысы, Петропавл қ. (2009-2010);
– Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі (2010-2012);
– «Назарбаев Орталығы» ММ Ұлттық және Халықаралық бағдарламалар қызметінің жетекшісі (2013);
– «Республика-Өңір-Даму» Қоғамдық қорының президенті (2013 бастап);
– «Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті» КЕАҚ Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры (01.2021-12.06.2022);
– «Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті» КЕАҚ Бірінші проректоры, Басқарма төрағасының орынбасары (12.06.2022-01.2024);
– ”М. Қозыбаева атындағы Солтүстік Қазақстан университеті” КЕАҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы (01.2024 жылдан бастап)
Басқа лауазымдар:
* СҚУ жас ғалымдар кеңесінің төрағасы (1994-1996);
* “Қазақстан Жастар форумы” республикалық қоғамдық бірлестігінің тең төрағасы (1997-1998);
* “Қазақстандық блогерлер Альянсы” ҚБ президенті (2014 жылдан бастап);
* Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы мониторингтік топ төрағасының орынбасары;
* ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп жөніндегі республикалық кеңесінің мүшесі;
* “Атамекен” Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес мүшесі;
* Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары
* “Jer Amanaty” республикалық комиссиясының мүшесі
Сайланбалы лауазымдар, депутаттық:
* II-шақырымдағы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты;
* ІІІ шақырымдағы Петропавл қалалық мәслихатының депутаты;
* “AMANAT” Партиясы” ҚБ партиялық тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Кандидат (15.02.2023)
Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары мен құрметті атақтары бар:
- “Құрмет” Ордені (2016), “Бауыржан Момышұлы Ордені” (2015), “Парасат” Ордені (2022);
* “Туризм үздігі” төсбелгісі (2012);
* ҚР мерейтойлық белгілері мен медальдары