Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдағы әйелдерге балтамен шабуыл жасап, сол ісі үшін түрмеге түскен қылмыскер әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырылды

Петропавлдағы әйелдерге балтамен шабуыл жасап, сол ісі үшін түрмеге түскен қылмыскер әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырылды

Таңертең жергілікті жұртшылықтың бір бөлігіне WhatsApp арқылы 60 жастағы ер адамның суреті түсті. Ол – 90 – шы жылдары облыс орталығында бірнеше рет кісі өлтіргені үшін түрмеде жазасын өтеген қылмыскер, деп хабарлайды QZ media тілшісі.

Оны ұстаған жедел қызметкерлердің естелігіне сүйенсек, ер адам арық болған. Оның бейкүнә үлкен көздеріне қарап, ешкім зиянкес деп ойламаған. Алайда, ол заңның ала жібін бірнеше рет аттаған. Қылмыскер балтасын қапқа салып, құрбандарын қала шетінде – Заречныйда, Мещан орманының ауданында, Бензостройда, саяжайларға апарар жолда және жеке сектордың адам аз жүретін көшелерінде күтіп тұрған. Қаскөй әрдайым өзінің үйреншікті әдісін қолданған: құрбанының артына жылдап жетіп, балтамен соққы жасау. Кейін әйелдерді тонап, зорлаған.

Қазір қала тұрғындарының бойын үрей билеген. Олар қылмыскерден сескенеді.

Полиция департаментінде айтылғандай, ағымдағы жылдың 12 қаңтарында бас бостандығынан айыру орындарынан соттылығы толық өтелгенге дейін 8 жыл мерзімге әкімшілік қадағалау белгілей отырып, жаза мерзімін өтеу бойынша Петропавл қаласының 60 жастағы тұрғыны босатылды.

“Бостандыққа шыққаннан кейін ер адам облыс орталығына келген соң, әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырылды.  Полиция оны “әкімшілік қадағалауда тұрған адам” санаты бойынша профилактикалық есепке алды.  Сот есепте тұрған адамға қатысты мынадай шектеулер белгіледі: тұрғылықты үйін сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін қалдыруға, қала сыртына шығуға, ішімдік мен есірткі тұтынуға, демалыс орындарына баруға тыйым салынады. Белгіленген талаптарды бақылау үшін электрондық бақылау құралы (электронды білезік) қолданылады”,- деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Оны тексеру кестесі жасалғанын да айту керек. Жергілікті полиция қызметі, криминалдық полиция бөлімінің басшылығы, сондай-ақ аймақтық жедел уәкілдер мен учаскелік полиция инспекторлары жауапты болып тағайындалды.

 

Shares