Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да бомба туралы жалған хабарлама берген жасөспірімнің бас бостандығы 1,5 жылға шектелді

СҚО-да бомба туралы жалған хабарлама берген жасөспірімнің бас бостандығы 1,5 жылға шектелді

Бірер күн бұрын Петропавл қаласының 16 жастағы тұрғынына қатысты сот процесі аяқталды, ол өткен жылдың қазан айында қаланың ойын-сауық орталықтарының бірінде бомба қойылған деген хабарламамен полицияға қоңырау шалған, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

“Шақыруға барлық жедел қызмет жұмылдырылды. Жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Полицейлер “ізін суытпай” мас күйдегі жасөспірімді анықтап, ұстады. 24 қаңтарда СҚО кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оны 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды”, – делінген СҚО ПД хабарламасында.

СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының хабарлауынша, өткен жылы облыс аумағында ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша барлығы 2 адам қолға түсті. Ал ағымдағы жылы 1 адам ұсталды.

 

Shares