Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда облыстық балаларды оңалту орталығы ашылады

Петропавлда облыстық балаларды оңалту орталығы ашылады

Жақында Петропавлда перинаталдық орталық базасында ерте араласу орталығы ашылады. Жаңа орталықта облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов болды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Орталықты күрделі жөндеуден өткізуге бюджеттен қаржы бөлінді, ал «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақстан халқына» және «Қамқорлық» қорларының қолдауымен қажетті құрал-жабдықтар алынды.

Мұнда әртүрлі патологиясы бар 3 жасқа дейінгі балалар соңғы технологияларды қолдану арқылы оңалтудан өтеді. Орталықта оңалтуға арналған 15 төсек орын бар. Күндізгі стационарда жыл сайын 360 бала оңалтудан өтеді.

Әр баланың жеке жоспары болады. Көмекті невропатолог, реабилитолог, педиатр, невролог, эрготерапевт, психолог, емдік дене шынықтыру нұсқаушылары, дефектолог мен логопед мамандары көрсетеді.

Сонымен қатар, «Қамқорлық» бастамасы аясында облыстық балалар ауруханасында оңалту орталығын жаңғырту жоспарлануда. Жобаны жүзеге асыру ортаға ерекше қажеттіліктері бар балаларды бейімдеуге және оңалту қызметтерінің қолжетімділігін  ұлғайтуға мүмкіндік береді.

 

 

Shares