Алаяқтық жасады деген күдікпен Абай облысында үш петропавлдық ұсталды
28 қаңтарда Жарма ауданы Шар қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне алаяқтардың құрбаны болған 57 жастағы ер адам жүгінген, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Ер адамның сөзінше, оған сағат 14:00 шамасында Шар қаласының орталығында орналасқан дүкендердің бірінің жанында өздерін полиция қызметкерлері деп таныстырған белгісіз адамдар жақындаған. “Полицейлер” тексеру сылтауымен ұялы телефонды сұрапты. Осылайша, банктік шоттан 925 000 теңге “шешіп алған”.
“Бұл факт ҚР ҚК 190-бабы 1-тармағының 2-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелді. Қылмыс жасады деген күдікпен 1999 жылы, 1998 жылы және 1996 жылы туған үш ер адам ұсталды”, – делінген полицияның хабарламасында.
Қазіргі уақытта Жарма ауданының полиция бөлімі үш петропавлдықтың осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.