Петропавл ТҮКШ бөлімі көпқабатты үйлердің төбесінен қарды уақытында түсіру жайлы хабарлайды
Шатырлардан қар түсіру – қысқы кезеңде көппәтерлі үйлерге қызмет көрсету жұмысындағы аса қажетті шара. Жұмыстың бұл түрін бақылау ПИК/МИБ төрағаларының және көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының міндетіне кіреді. Бұл туралы Петропавл ТҮКШ бөлімі еске салады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Қауіпсіздік мақсатында шатырды мұз бен қардан тазарту жұмысы уақытылы жүргізілуі керек.
“Қала әкімі Серік Мұхамедиевтің тапсырмасы бойынша тұрғын үй инспекциясы бөлімі ПИК/МИБ төрағаларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұзушылықтарды елемеген немесе қайтадан анықтаған жағдайда, жауапты тұлғалар заң шеңберінде жауап беретін болады”, – делінген қалалық ТҮКШ бөлімінің хабарламасында.