Ғауез Нұрмұхамбетов Францияның кәсіпкерлерін Петропавлда өтетін халықаралық инвестфорумға шақырды
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Францияның Қазақстандағы Елшісі Дидье Канесспен кездесіп, ынтымақтастықтың келешегін талқылады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Ауыл шаруашылығы серіктестіктің маңызды тірегі болып табылады. Технологиялармен алмасу және оларды агроөнеркәсіптік кешенге одан әрі интеграциялау жақсы нәтижелер көрсетуде.
Сауда байланысы да нығайып келеді. Мысалы, “BioOperations” бидайды терең өңдеу зауыты Францияға глютеннің бір бөлігін жеткізеді. Ал “Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағы – шетелдік инвесторлар үшін қолайлы алаң.
“Осы мүмкіндіктерді толығырақ қарастыру үшін Канесс мырзаны және француз бизнесінің өкілдерін 16 ақпанда өтетін «Qyzyljar Investment Forum» халықаралық инвестфорумына қатысуға шақырдым”, – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.