Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қозыбаев университеті түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша үздік үштікке кірді

Қозыбаев университеті түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша үздік үштікке кірді

February 1, 2024 11:25

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, 2023 жылға арналған қазақстандық ЖОО-ның білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қозыбаев университетінің хабарлауынша, білім беру мазмұны, студенттер мен оқытушылардың жетістіктері, жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім беру ұйымдарының жалпы көрсеткіштері бағаланды. Маңызды критерийлердің бірі – түлектерді жұмысқа орналастыру. Осы бағыт бойынша Қозыбаев университеті рейтингке қатысатын барлық жоғары оқу орындары арасында көшбасшылар үштігіне кірді. Біздің түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 88 % құрайды.

7 білім беру бағдарламасы жүлделі орындарға ие болды. Бұл – Педагогикалық және Агротехнологиялық факультеттердің, сондай-ақ, Тіл және әдебиет институтының мамандықтары. Айта кету керек, тағы 14 білім беру бағдарламасы 4-6 орын алып, лайықты нәтижелер көрсетті.

“Атамекен” ҰКП рейтингіндегі жоғары орындар – университеттің ПОҚ ұжымы мен білім алушыларының еңбегі, сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдармен және жұмыс берушілермен тиімді өзара ынтымақтастықтың нәтижесі!

 

Shares