Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО полицейлері жол жиегіне түсіп кеткен бензовоздың жүргізушілеріне көмектесті

СҚО полицейлері жол жиегіне түсіп кеткен бензовоздың жүргізушілеріне көмектесті

30 қаңтар күні 15:00 шамасында Воскресеновка ауылына жақын жерде тіркемесі бар бензовоздың 27 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол үстінен шығып кетіп, қалың қардан бір-ақ шыққан. Ол полицияға хабарласқан. Оқиға орнына Володарский ауылдық округі әкімдігінің, аудандық полиция және ТЖ бөлімдерінің қызметкерлері келді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Мамандар цистерналардың жай-күйін қарап шығып, дизельдік отынның төгілмегендігіне көз жеткізді. Жергілікті “Баянтай” ЖШС қарды тазалау үшін жүк тиегішті, ал “Қызылжар жолдары” фирмасы К-700 тракторын жіберді. Алайда ауыр жүгі бар фураны жолға шығару үшін Көкшетау қаласынан автокрандарды шақыруға тура келді.

Ауылдық округ әкімі Ермек Қасымғалиев жүргізуші мен оның серіктесіне ыстық тамақ жеткізді. Полиция қызметкерлері жанармай таситын көлікті аязды түнде күзетіп, оқиға орнында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Тоқтаусыз жүргізілген қауырт жұмыс шамамен бір тәулікке созылды. Тек тіркемені ағытқан соң ғана, жүк көлігі шығарылды. Сұйық отынның төгілуіне жол берілмеді. Бәрі аяқталған соң жүргізушілер аман-есен жолға шығып, сапарларын жалғастырды.

“Жүргізушілерді қысқы жолдарда, әсіресе мұз бен жауын-шашын кезінде мұқият болуға шақырамыз. Естеріңізде болсын, қыс мезгілінде жолдың шетін байқамай қалып, жолдан шығып кету қаупі бар. Жылдамдық режимін ұстанып, жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтаңыздар”, – дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Марат Серкешев.

Shares