Петропавлда полицейлер мен қорықшылар адасқан елікті құтқарды
30 қаңтарда кешкі алты шамасында елік Петропавлдағы Жұмысшы кентінің аумағына бет алған, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Жануар қаланың ішінде адасып кеткен, бұл өз кезегінде жол-көлік оқиғасын тудыруы мүмкін. Жергілікті тұрғындар бұл туралы “102” арнасына хабарлады. Шақыруға табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мен қорықшылар келіп жетті. Олар № 43 мектеп стадионында елікті ұстады. Содан кейін аңшылар жануарды орманға апарып, табиғи ортасына жіберді.
СҚО ПД қызметкерлері жүргізушілерге тек қала сыртындағы трассаларда ғана емес, жолдарда да еліктердің пайда болуы мүмкін екенін еске салады. Біле жүру керек, қазіргі уақытта тұяқты жабайы жануарларды аулауға тыйым салынған.
“Осы қыста жануарлардың көші-қонының өзгерген жолдары облыста көптеген еліктердің пайда болуына әкелді. 3 мың айлық есептік көрсеткіш айыппұлдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен көзделген қылмыстық жауапкершілік төнетінін ұмытпауларыңызды сұраймыз”, — дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Асхат Қожабаев.