Петропавлда жаңа кәсіпорын құрғақ құрылыс қоспалары мен автоклавты газдалған блоктар шығарады
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлда құрғақ құрылыс қоспалары мен автоклавты газдалған блоктарды шығаратын «Mix Universal» жаңа кәсіпорнына барды.
Жобаға 600 млн теңге инвестиция тартылды, оның ішінде 400 млн – жеңілдетілген несие. Сондай-ақ, мемлекет есебінен қажетті инфрақұрылым жүргізілді.
“Өндірістің іске қосылуының арқасында 60 жаңа жұмыс орны ашылды. «Mix Universal» толық қуатына шыққанда жылына 65 мың текше метрге дейін құрылыс материалдарын өндіретін болады. Қазіргі уақытта газ блоктары мен қоспаларына жергілікті құрылыс компаниялары тапсырыс беріп жатыр. Жалпы, мұндай кәсіпорындардың пайда болуы өңірдегі құрылыс саласының дамуына оң әсерін тигізуде”, – деп жазды СҚО әкімі әлеуметтік желіде.