Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті Жамболат Тангиев СҚО-ға келді

ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті Жамболат Тангиев СҚО-ға келді

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті Жамболат Тангиев Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында Достық үйінде кездесу өткізді. Оған облыстық ішкі саясат басқармасының, сондай-ақ “Қоғамдық келісім” мемлекеттік мекемесінің, ҚХА облыстық филиалының мүшелері қатысты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Мен тексеру немесе белгілі бір кездесу үшін келіп отырғаным жоқ. Осы жылдан бастап ісімізде қиындықтар бар, кәсіпкерлер қауымдастығының жұмысын күшейтуіміз керек. Оны “Қоғамдық келісім” КММ құрылымында біріктіру дұрыс болады. Біз кәсіпкерлер қауымдастығы деп аталғандықтан, бұл құрылымға көбірек кәсіпкерлерді тартуымыз қажет”, – деді Жамболат Тангиев.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кәсіпкерлер қауымдастығына белсенді, бастамашыл, жұмысқа мүдделі іскер адамдар қажет, деп атап өтті кездесу барысында Жамболат Тангиев.

“Біз Қазақстанда тұратын этностардың шыққан жерлерінен инвестициялар тартуды мақсат-міндеттерімізбен көріп отырмыз. ҚР-дағы инвестициялық бағдарланған этностар – корейлер, немістер, орыстар”,-деді Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті.

Жамболат Тангиевтің айтуынша, бұл бағытта үлкен жұмыс атқару қажет. Түстен кейін Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалында жұмыс кездесуін өткізеді.

 

 

Shares