7 ақпан күні ҚР Президентінің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
7 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл жайлы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
“Жиында еліміздің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады”,- делінген хабарламада.