Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО әкімі «проблемалық үйдің» мәселесін шешуді тапсырды

СҚО әкімі «проблемалық үйдің» мәселесін шешуді тапсырды

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Жамбыл, 38 мекенжайында орналасқан көпқабатты үйде болды, оның тұрғындары құрылыс кезінде кеткен кемшіліктерге шағымдануда, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Бас мердігер міндеттемелерін орындамай, үйдің құрылысын аяқтауға басқа құрылыс компаниялары тартылған еді. Дегенмен, орындалған жұмыстардың сапасына қатысты сұрақтар әлі де бар.

“Үйді аралап шыққан соң қала басшылығына мердігерді анықтап, барлық кемшіліктерді жоюды тапсырдым. Пәтер иелерінің тілектерін ескеру маңызды. Кемшіліктерді түзету жұмыстары көктемде басталады, бұл мәселе менің бақылауымда”, – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, үй тұрғындары туындаған мәселені бірнеше жылдан бері шеше алмай келеді. Олар партиялықтарға да, депутаттарға да жүгінді, сот есігін қағуға да тырысты, бірақ нәтиже жоқ.

Shares