Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да ауа райының қолайсыздығына байланысты автожолдар жабылды

СҚО-да ауа райының қолайсыздығына байланысты автожолдар жабылды

February 7, 2024 14:52

Ауа райының нашарлауына байланысты Солтүстік Қазақстан облысында қозғалыс шектелді. Бұл туралы СҚО ТЖД хабарлады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Жүк және қоғамдық көлік үшін қозғалыс М – 36 “Екатеринбург-Алматы” км 729-768 аралығында (Қостанай облысының шекарасынан Токсан би ауылына дейін) шектелген.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы автокөлік құралдарының барлық түрі үшін:

  1. А – 21 “Мамлютка-Қостанай” км 23-159 (Становое селосынан Макарьевка селосына дейін);
  2. М – 36 “Екатеринбург-Алматы” км 856-834 (Ақмола облысының шекарасынан Чистополье ауылына дейін);
  3. А – 16 “Жезқазған-Петропавл” км 595-625 (Ақмола облысының шекарасынан Дружба ауылына дейін).

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында: Жамбыл, Айыртау, Ғ.Мүсірепов, Тимирязев аудандарында. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында: Жамбыл, Ғ.Мүсірепов, Айыртау, Тимирязев аудандарында.

 

Shares