Бұрынғы қалалық полиция қызметкері пара алды деп күдіктелуде
“Egovpress” Telegram-арнасында пара алған және заңсыз көші-қонды ұйымдастырған Петропавл қаласы полиция басқармасының инспекторы ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Ресми ақпарат алу үшін журналистер уәкілетті органдарға барды. Алайда, жауаптылар ақпаратпен бөлісуге асықпады. Өз кезегінде облыстық полиция ведомствосы баспасөз қызметінің қызметкерлері БАҚ-қа өте қысқа дерек ұсынды.
“ҰҚК департаменті мен СҚО ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп пара алды және заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген күдікпен қалалық полицияның бұрынғы қызметкері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды”,-деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Журналистердің хабарлауынша, полицейдің ұсталғаны жайлы ақпарат өткен аптада желіде тараған. Тексерілмеген мәліметтер бойынша полиция бөлімінің инспекторына қатысты іс бірден үш бап бойынша қаралады. Бұрынғы тәртіп сақшысы заңды бірнеше рет бұзған және жалғыз әрекет етпеген деп болжануда.