Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қаңтар айында облыстық перинаталдық орталықта 325 сәби дүниеге келді

Қаңтар айында облыстық перинаталдық орталықта 325 сәби дүниеге келді

Перинаталдық орталықта 2024 жылдың бірінші айы өте жемісті болды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Медициналық мекеменің мәліметінше, қаңтар айында 325 сәби дүниеге келген. 152 қыз бен 173 ұл және үш сүйкімді егіз өмір есігін ашты. 2024 жылдың қаңтарындағы ең ірі нәрестенің салмағы 5080 граммды құрады. Ол – ұл бала.

Айта кетейік, 2023 жылдың шілде айының соңында перзентханадан бірден екі батыр шығарылды. Бірінің салмағы 5 кг 410 граммды құраса, екіншісінің салмағы 200 граммға кем болды.

Shares