Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қалалық автопарк жаңа автобустармен толықты

Қалалық автопарк жаңа автобустармен толықты

Петропавл автопаркі 5 жаңа автобуспен толықты. Олар №31 маршрут бойынша қызмет көрсетеді. Көліктер қазірдің өзінде жолаушы тасымалдауда, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Өткен жылы “Kyzylzhar Buses” ЖШС “Dongfeng” маркалы 10 жаңа автобус сатып алды. Петропавлда автобус паркін жаңарту әрмен қарай жалғасады, деп хабарлады облыс орталығының әкімдігі.

“Біз 2023 жылы «Dongfeng» маркасындағы 5 автобус сатып алып, саяжайларға қатынау сапасын арттырдық. Сонымен қатар, 8-ші маршруттағы 5 қоғамдық көлікті жаңасына ауыстырдық. Серіктестіктегі техника саны 80-ге жуықтайды. Бүгінгі таңда жылжымалы құрамның 90 пайызға жуығы жаңартылған. Халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға тырысудамыз”, – деді “Kyzylzhar Buses” ЖШС басшысы Бауыржан Құсайынов.

Айта кетейік, облыс орталығында адамдар 18 бағытта қатынайды. Ал күрделікті тасымалдаушы техника саны 185-ге жуықтайды. Көпке белгілі, қаламызға 21-ші жылдан бері 100 автобус сатып алынды. Осылайша, көптің талқысындағы жергілікті парк 51%-ға жаңарды.

Shares