Су тасқыны-2024: партиялықтар Петропавл су торабында болды
Партиялықтар көктемгі кезеңдегі су тасқынына дайындық аясында Петропавл су торабына барды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Су торабы штаттық режимде жұмыс істейді, жүйелер мен механизмде ақау жоқ. Ал су деңгейі жүйелік мониторингте, ақпарат аппаратурамен тіркеледі, кейін деректер журналға енгізіледі. Қар ақпан айында және наурыз айының басында жауатынын ескере отырып, күрт жылыну немесе қатты жауын-шашын болған жағдайда еріген су ағынының пайда болуына қолайлы жағдайлар жасалады. Тиісінше, мұндай жағдайда Есіл өзенінде және Солтүстік Қазақстан облысының басқа өзендерінде су деңгейі күрт көтерілуі мүмкін.
Осы жылдың 24 қаңтарынан бастап облыс жоғары дайындық режиміне ауысты. Облыста су тасқыны қаупіне жедел ден қою үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатарынан күштер мен құралдар топтамасы құрылды. Оның құрамында ТЖД, полиция және Ұлттық ұланнан 475 адам мен 135 бірлік техника бар.
Маңызды жайт партиялық бақылау комиссиясының бақылауында болады.