Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда еріктілер жалғыз тұратын қала тұрғындарына көмектесуде

Петропавлда еріктілер жалғыз тұратын қала тұрғындарына көмектесуде

Соңғы күндері облыс орталығында қар көп жауды. Салдарынан жеке тұрғын үйлердің маңында үйінділер пайда болды. Олардан бәрі бірдей құтыла алмайды, мұндай жағдайда еріктілер көмекке келеді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Жеке үй абаттандырылған пәтер емес. Ол үнемі назар аударуды қажет етеді. Алайда, оған менің күшім келмейді. Бұл – ата-анамның үйі, сондықтан мен Петропавлда тұрамын. Қыздарым Краснодарда тұрады.  Ал немерем Мәскеуде тұрып жатыр. Бұл қандай да бір мәселелерді тез шешу үшін өте алыс”, – деді Петропавл тұрғыны Людмила Климович.

Еріктілер арасында әртүрлі жастағы адамдар бар. Зейнеткерлер де, студенттер де мұқтаж жандарға көмек көрсетеді. Осы аптада волонтерлер 3 үйге барды.

“Акцияға жастар ресурстық орталығының, “Ассамблея жастары” республикалық қоғамдық бірлестігінің барлық белсендісі, еріктісі қатысады. Студенттердің өздері осындай акцияларға қатысуға ниет білдіруде, өйткені олар үшін айналасындағыларға көмек көрсету басымдықтардың бірі болып табылады”, – деді ерікті Дариға Смайылова.

Shares