Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО полицейлері 130-дан астам қорғаныс ұйғарымын шығарды

СҚО полицейлері 130-дан астам қорғаныс ұйғарымын шығарды

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері “Тұрмыс” жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, ЖАШ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында және мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жол бермеуге, сондай-ақ профилактикалық есепте тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша барынша тексеруге, құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды анықтауға бағытталған.

“Іс-шараны өткізу кезеңінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 75 фактісі тіркелді, оның ішінде 52 фактіні полиция қызметкерлері өздігінше анықтады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 133 қорғау ұйғарымы шығарылды, сот алкоголь ішуге тыйым сала отырып, құқық бұзушының мінез-құлқына 40 ерекше талап қойды, 325 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 73 отбасылық жанжалқой бар. Тартылған еріктілермен бірлесіп, қиын өмірлік жағдайға тап болған және тұрмысы нашар 11 отбасы анықталды”, – деді Петропавл қ. ПБ ЖПҚ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Әсем Ілиясова.

Сонымен қатар, мамандандырылған медициналық мекемеге 9 адам жіберілді. Олар алкогольге тәуелділіктен мәжбүрлеп емделеді, деп хабарлады полицейлер.

Shares