Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » “Көктем-2024”: СҚО су тасқыны кезеңіне дайындалуда

“Көктем-2024”: СҚО су тасқыны кезеңіне дайындалуда

Бүгін бүкіл республика бойынша, соның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында “Көктем-2024” командалық – штабтық оқу-жаттығуы басталды. Барлық азаматтық қорғау қызметтері үлкен көлемде судың келуіне белсенді дайындалуде, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

СҚО ТЖ департаменті қызметкерлерінің ақпараты бойынша, мұндай оқу-жаттығу жиындары барлық қызметтердің жедел өзара іс-қимылын пысықтауға, су тасқынының нақты қаупі туындаған кезде залалдың алдын алуға немесе азайтуға мүмкіндік береді.

“Осы оқу-жаттығу барысында адамдарға көмек көрсету, ең алдымен адамдарды эвакуациялау пункттеріне эвакуациялау, іздестіру-құтқару жұмыстары, авариялық-құтқару жұмыстары, кептелістер туындамас үшін мұз жару жұмыстары пысықталатын болады. Жаттығу екі күнге созылады. Тек Петропавлда ғана емес, облыстың барлық аудандарында өтеді. Негізгі іс – шаралар Уәлиханов ауданында және Петропавлда, сондай-ақ Қызылжар ауданында өткізіледі”, – деді СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобының бас маманы Евгений Журавлев.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға шығуға дайын арнайы техниканың саны әзірге нақтылануда. Іске тағы техника және басқа да мемлекеттік органдар, сондай-ақ ниет шарттары бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тартылатын болады. “Біз үлкен көлемдегі суға дайынбыз”, – дейді құтқарушылар. Мамандар биылғы су тасқынына уайыммен қарап отырған жоқ. Алайда, дайындықтарын пысықтаудая.

“Біздің облыс бойынша 87 елді мекен есепке алынды, өйткені олар су тасқыны құбылысына бейім. Бірақ, бұл осы 87 елді мекеннің барлығын су басады дегенді білдірмейді. Соңғы бірнеше жылда жауын-шашынның аздығына байланысты көптеген көлдердің су деңгейі төмендеді. “Қазгидромет” РМК-ның Есіл өзені бастау алатын Ақмола және Қарағанды облыстарындағы филиалы берген мәліметтерге сәйкес, ылғал қорының деңгейі норма деңгейінде немесе одан төмен, сондықтан біз 2017 жылдағыдай Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуін күтпейміз. Бірақ біз ең нашар сценарийге дайындалуды тоқтатпаймыз”, – деді СҚО ТЖД бастығы Ерік Сарыбаев.

Оқу-жаттығу кезінде аудандардағы әріптестер үшін облыс орталығында оқыту видеосы түсіріледі. Қызметтердің құрамы жиі өзгеретіндіктен, білімді үнемі жаңартып отыру керек, дейді құтқарушылар.

 

Shares