Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Сқо-да алғаш рет “Driveforum” атты керуеншілер, джиперлер және кемпингтік туризм әуесқойларының фестивалін өткізу жоспарланып отыр

Сқо-да алғаш рет “Driveforum” атты керуеншілер, джиперлер және кемпингтік туризм әуесқойларының фестивалін өткізу жоспарланып отыр

Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан Имантау-Шалқар курорттық аймағында “DriveForum” атты керуеншілер, джиперлер және кемпингтік туризм әуесқойларының ауқымды фестивалін өткізу жоспарлануда. Ол 2024 туристік маусымның ашылуы аясында өтеді деп күтілуде, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Петропавлға “Ката” қазақстандық автомотуризм қауымдастығының президенті және Driveforum халықаралық ашық демалыс және саяхат форумының ұйымдастырушысы Абдуали Абдуғали келді. Ол СҚО рестораторлары мен қонақүйлері қауымдастығының төрағасы Сайран Хамзамен бірге облыс әкімдігінің өкілдерімен кездесті. Жүздесуде керуеншілер, джиперлер және кемпингтік туризм әуесқойлары фестивалін өткізу ұсынысы талқыланды.

Фестивальдің басты мақсаты – саяхатшылар Солтүстік Қазақстан облысы жайлы көбірек білу. Абдуали Абдуғали атап өткендей, Driveforum жобасы аясында ол бүкіл Қазақстанды аралаған, бірақ ол әлі елдің солтүстік бөлігімен жақынырақ таныспапты.

“Петропавлдан, СҚО-дан үнемі өтіп тұрамыз. Бұл жолы мен аймақты аралауды маңызды деп шештім. Әдемі аймақ, бірақ туризм саласы бойынша жөнді зерттелмеген. Осыған сүйене отырып, автотуристердің мүмкіндігі кеңеюі үшін фестиваль өткізу жайлы идеяны ұсынуды жөн көрдік”, – деп атап өтті спикер.

Фестивальді осындай форматта өткізу жоспарлануда. Ол әлі өңір тарихында болмаған. Басты жоспар – шараны СҚО-да жыл сайынғы негізде өткізу.

“Біз жаңа ритм, жаңа қарқын орнатқымыз келеді. Туристік маусымның басындағы Қазақстанның солтүстік өңірі – бұл тамаша әсер, эмоция. Ең бастысы, фестивальден кейін адамдар мұнда көбірек келіп, аймақтың сұлулығын тамашалайды. Біз жобаны жүзеге асыру үшін бар күшімізді саламыз деп айтқым келеді. Өйткені, шын мәнінде, Қазақстанның солтүстігі – барлық адамдар үшін ең алыс нүкте. Тиісінше, мұнда көруге болатын көп нәрсе бар”, – деді Абдуали Абдуғали.

Айта кетейік, Driveforum халықаралық ашық аспан астындағы демалыс және саяхат форумының ұйымдастырушысы Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей Федерациясынан адамдарды ауқымды іс-шараға шақыруды жоспарлап отыр.

“Фестиваль аясында туризмге бей-жай қарамайтындардың барлығы ондаған және жүздеген мың жолды артқа тастаған джипперлермен танысуға мүмкіндік алады. Дәл осы кездесуде Абдуали СҚО-да өзінің “Burning Man” фильмін түсіру идеясы пайда болғанын айты. Онда адамдар жыл сайын жаңа адамдармен танысып, заманауи өнерден ләззат алу үшін жиналады”, – деп бөлісті Сайран Хамза.

Сондай-ақ, облыстың рестораторлары мен қонақүйлері қауымдастығы өкілі фестивальде концерттік іс-шаралар өтетінін, демалыс базаларына, қасиетті және тарихи орындарға экскурсиялар, сондай-ақ ашық аспан астында түрлі тағамдар дайындау бойынша шеберлік-сағаттарын ұйымдастыру жағы қаралып жатқанын айтты.

“Саяхатшылар мен қонақтар үшін рестораторлар мен қонақүйлер қауымдастығы бесбармақ пен палау дайындайды. Ең бастысы, әкімдік барлық іс-шара аяқталғаннан кейін облыс орталығының тұрғындарын курорттық аймаққа және қалаға жеткізетін тегін автобустар ұйымдастырады”, – деді СҚО рестораторлары мен қонақүйлері қауымдастығының атқарушы директоры Андрей Фролов.

Сондай-ақ, фестиваль қонақтары саяхатшылар қандай көліктермен жүретінін көре алады, жақынырақ танысу үшін капоттың астына және автомобиль салонына бас сұғуға да мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, сапарға өзіңізбен бірге не алу керектігін де біледі. Айтпақшы, көліктердің әрқайсысында кемпингтер болады, онда саяхатшылар үш күн өмір сүреді, ал мереке қонақтары шатырлардың әрқайсысына кіре алады, осылайша автотуризм туралы көбірек біледі.

Көп ұзамай әлеуметтік желілерде СҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының өкілдері іс-шараны өткізудің бірлескен тұжырымдамасын әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілгенін жазды.

Фестивальдің болжамды күні және туристік маусымның ашылуы 14-15 маусымға белгіленген.

 

 

 

 

 

 

Shares