Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да коронавирус инфекциясын жұқтырудың 9 жайты тіркелді

СҚО-да коронавирус инфекциясын жұқтырудың 9 жайты тіркелді

Солтүстік Қазақстан облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың бас санитар дәрігері айтып берді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Жыл басынан бері облыста қызылшаның 155 расталған жағдайы тіркелді. Науқастанғандардың 85% – вакциналанбаған адамдар, оның ішіндегі 45 жағдайда екпеден жеке сенімдері бойынша бас тартқан, 16 адам вакцинация жасына жетпеген және 14 жағдайда медициналық рұқсат берілмеген, вакцинация мәртебесі белгісіз 48 жайт анықталды, ал вакцинацияның толық емес курсынан 9 азамат өткен.

“Бүгінгі таңда 14 жұмыс істеп тұрған ошақ тіркеліп отыр, оның 6-ы білім беру ұйымы – Солтүстік Қазақстан университеті, Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі, “№23 орта мектеп КММ”, “№ 2 Бескөл орта мектебі КММ”, “№3 Смирнов ОМ КММ”, “Бауман негізгі мектебі КММ”, әскери бөлімдер арасында 1 ошақ – 6637, медициналық ұйымдар арасында 1 ошақ – “КОБА” ШЖҚ КМК және 91 үй ошағы”, – деді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

10 483 байланысушы тұлға тіркелді, соңғы байланысқан сәттен бастап 72 сағат ішінде шұғыл вакцинациялауға жатқан – 870 адам, 777 немесе 89% егілді, 93 немесе 11% адам егілмеген, оның ішінде бас тарту себебінен – 30, медициналық рұқсаты жоқ – 63 адам.

“2024 жылғы қаңтарда ЖРВИ-нің 20 666 жағдайы тіркелді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 есе өсім байқалады. Өсім облыстың барлық аумағында көрініс тапты. Тұмау жағдайларын белсенді тіркеу 2024 жылдың қаңтарында басталды, онда А H3N2 типті тұмаудың 44 жайты тіркелді”, – деді Әсет Жұматаев.

Сондай-ақ, облыста коронавирустық инфекцияның 9 жағдайы тіркелген. Олардың басым бөлігі Петропавл, Айыртау және Мамлют аудандарында анықталып отыр.

 

 

 

Shares