Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Алаяққа сеніп қалған петропавлдық 5 млн теңгесінен айырылды

Алаяққа сеніп қалған петропавлдық 5 млн теңгесінен айырылды

2024 жылдың басынан бері бірінші полиция бөлімінің аумағында ғана желілік алаяқтықтың 30 фактісі тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, қылмыскерлер “банктен қоңырау шалу”, “полиция қызметкерлері болып танысу” сияқты схемаларды белсенді қолданады. Соңғы кезде “ұялы байланыс операторының қоңырауы” сынды жаңа алдау сценариі пайда болды. Олардың барлығы адамды қорқытып, оны үлкен несие алуға көндіруге және ақшаның белгілі бір бөлігін “қауіпсіз шотқа” аударуға – іс жүзінде алаяқтардың қолына түсіруге бағытталған. Дәл осылайша бірінші полиция бөлімі аумағында тұратын петропавлдық 5 миллион теңгеге алданып қалған.

“Егер біреулер сіздің шотыңызға қол сұғушылық жасалуда, ұялы байланыс нөмірі өшірілуі мүмкін немесе мүлікке тыйым салумен қорқытатын болса, абдырамаңыз. Хабарланған ақпаратты ресми арналар арқылы қайта тексеріңіз. Қоңырау шалушыдан оның қалалық нөмірін сұрап, ақпаратты ұйымның ресми телефоны арқылы хабарласып тексеруге болады. Алаяқтар қалалық нөмір бермейді. Күдікті қоңырауды алған соң, сөйлесуді тоқтатып, “102” арнасына қоңырау шалыңыз”, – дейді бірінші полиция бөлімінің бастығы Тілеген Әлжанов.

Қандай жағдай болсын нөмірлерді, PIN-кодтарды және банк карталарының cvv-кодтарын, sms арқылы келетін кодтарды ешкімге бермеңіз. Үшінші тұлғалардың қысымымен телефондарға қашықтан қосылуға мүмкіндік беретін бағдарламаларды орнатпаңыз.

 

 

 

Shares