Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдықтар тұрғын үй мәселелерімен қала басшысына жүгінді

Петропавлдықтар тұрғын үй мәселелерімен қала басшысына жүгінді

Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев “Ашық есік күнін” өткізді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Іс-шара С. Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың қабырғасында өтті. 30-дан астам петропавлдық қала басшысына, сондай-ақ қалалық мемлекеттік органдардың басшыларына жүгінді. Қала әкіміне алғашқылардың бірі болып заңгер Хамит Биманов жүгінді. Ол өзінің екі клиентінің мәселесімен келіп отыр.

“Менен жергілікті бір әйел көмек сұрады, оның Қапайда үйі бар, баспана алдағы уақытта бұзылмақ. Үй де, жер де тіркелмеген, адам далада қалуы мүмкін. Менің екінші клиентім – кәсіпкер. Ол жер учаскесін жалға алды, енді оны сатып алғысы келеді, бірақ бұл процесс әкімдікте созылып кетті”,- деді Хамит Биманов.

Жақын арада жерді сатып алу мәселесін шешуге болады, деп түсіндірді қала әкімі. Ал Қапайдағы тұрғынның үйі мен жерін тіркеу мәселесі күрделі. Оны сот талқылауынсыз шешу қиынырақ, деді Серік Мұхамедиев.

Мәлике Наурызбаеваны да тұрғын үй мәселесі мазалайды. Ол 2008 жылдан бастап заңды шаршы метрлері үшін кезекте тұр, бірақ әлі баспана жоқ. Теріскейлік әкімдікке бірнеше рет түсініктеме алу үшін келіпті.

“Мен әкімдікке аптасына екі рет баратын күндер болды. Олар уәде берді, баспана бермеді”, – деді Мәлике Наурызбаева.

Қала басшысы алдағы уақытта 360 Петропавл тұрғыны баспана алатынын түсіндірді

 

Shares