Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » “Севказэнергосбыт” ЖШС электр энергиясы тарифінің өсуіне түсініктеме берді

“Севказэнергосбыт” ЖШС электр энергиясы тарифінің өсуіне түсініктеме берді

Тұтынушылардың құлағына алтын сырға! 16 ақпаннан бастап “Севказэнергосбыт” ЖШС-да электр энергиясына жаңа тариф күшіне енді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Кәсіпорынның мәліметінше, қызмет құны 3,85 теңгеге өсті. Енді қосылған құн салығын ескере отырып, ол 27,52 кВтсағ/теңге құрайды. Оның ішінде тұрмыстық тұтынушылар үшін қызмет құны 19,20 кВтсағ/теңге болады. Электр энергиясы тарифінің өсуі бірқатар себептерге байланысты орын алды, дейді “Севказэнергосбыт” ЖШС-да.

“Тарифтің көтерілуінің негізгі себептері – біріншіден, біз бірыңғай сатып алушыдан сатып алатын энергия тарифінің өсуі. Шілдеден бастап электр энергиясын сатып алу ережелері өзгергенін бәріңіз білесіздер. Біз үшін оның құны 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін 11,01 теңгені құрады. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ол 1 кВт/сағ үшін 12 теңгені құрайды, бұдан басқа, электр өндіруші және электр беруші ұйымдардың тарифтерін ұлғайту тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету және энергетикалық жабдықтардың тозуын азайту үшін негізгі құралдарға айналатынын атап өткім келеді. Біздің кәсіпорын “Тарифті инвестицияға айырбастау” бағдарламасына қатысады”, – деді “Севказэнергосбыт” ЖШС бас директоры Мағауия Сағандықов.

Кәсіпорын соңғы рет Солтүстік Қазақстан облысында электр энергиясының құны 7 жыл бұрын көтерілгенін еске салды.

Мағауия Сағандықов тарифтің ұлғаюы есебінен кәсіпорындар тобы өндірістік персоналының жалақысы өсетінін түсіндірді, бұл – негізінен Петропавл 2-ЖЭО және “Солтүстік Қазақстан ЭЖТК” АҚ қызметкерлері.

 

Shares