СҚО-да дүйсенбі мен сенбі апатты күндер болып саналады
Қаңтар айында Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 20 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 2 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды. Бұл туралы СҚО ӨКҚ брифингінде жергілікті полиция қызметінің өкілдері хабарлады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
20 ЖКО-ның 18-і жүргізушілердің кінәсінен болған, салдарынан 2 адам қаза тауып, 27 адам жарақат алып отыр.
“Жүргізілген талдауға сәйкес, дүйсенбі мен сенбі ең қауіпті күндер болып саналады. Жол – көлік оқиғасының негізгі себептері – жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуға жақын жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің төмен тәртібі. Мысалы, қиылыста жүру ережелерін бұзу, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзу, қашықтықты сақтамау, белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кету, сондай-ақ маневр жасау ережелерін бұзу”, – деп хабарлады тәртіп сақшылары.
Ағымдағы жылдың басынан бастап жол қозғалысын қадағалау кезінде 6 000-нан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды. Оның ішінде көлік құралдарын басқарушылардың 98-і алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде ұсталды. 753-і жылдамдық режимін асырғаны үшін, 653-і қауіпсіздік белбеуі тағылмаған көлік құралын басқарғаны үшін және 310-ы көлік құралын басқару кезінде телефон пайдаланғаны үшін құрықталды.