Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО полицейлері алимент төлеуден жалтарған тұрғынды іздеді

СҚО полицейлері алимент төлеуден жалтарған тұрғынды іздеді

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті көші-қон қызметінің қызметкерлері 2019 жылдан бері 8 және 7 жастағы ұлы мен қызын асырауға алимент төлеуден жалтарған солтүстікқазақстандықты іздеп тапты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Тәртіп сақшылары оның Ақмола облысының Щучинск қаласында орналасқан жерін анықтады. Материалдар сот орындаушыларына жіберілді.

Жалпы, жыл басынан бері көші-қон қызметі бөлімшелерінде айыппұлдар, борышкер мен алимент төлемеушілер немесе туыстық байланыстарын жоғалтқан 60 адам іздестірілді. Бір жарым ай ішінде полицейлер олардың 19-ын тауып, құзырлы органдарғңа тапсырған.

Туыстық байланыстарды жоғалту жағдайлары көбінесе адамдардың жақындарына қоңырау шалмауынан немесе ақша табу үшін кетуінен болады. Анасына үш ай бойы қоңырау шалмаған 27 жасар солтүстікқазақстандықпен де осындай жағдай орын алды. Оның өтініші бойынша полицейлер ақпараттық есепке алу бойынша тексерістер жүргізіп, болуы ықтимал жерлерге іздестіру тапсырмаларын жіберіледі. Нәтижесінде жас жігіттің Алматыға жұмыс істеуге кеткені анықталып, бұл туралы шешесіне дереу хабарланды.

 

 

 

 

Shares